Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 мамыр 2024выпускники, поздравляем, абитуриент, высшая школа

Shakarim High School алғашқы түлектері үлкен жолға аттанды

Shakarim University жанындағы Shakarim High School жоғары мектебінің алғашқы түлектері үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды. Бұл атаулы оқиға университеттің 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі ерекше маңызға ие. Өйткені, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 ж. 30 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінде университет жанынан жаңа үлгіде ашылған «Shakarim High Schoоl» мектебінің тарихта қалатын алғашқы түлектері болып табылады.
Білім ордасы үшін бұл шығарылым жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде таңдаған дұрыс жолдың дәлелдейтін айтулы оқиға. Жоғары мектеп түлектері алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктерге толы өмірлерінің жаңа кезеңіне сеніммен қадам баспақ.
Ақ жол, Жас түлек!