Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 маусым 2024выставка, керуен, абитуриенты

ШӘКӘРІМ КЕРУЕНІ КИЕЛІ ТҮРКІСТАНДА

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркістан облысының мектеп бітіруші талапкерлеріне «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бастаған болатын. Shakarim University делегациясы киелі Түркістан өңіріндегі Ахмет Ясауи университетінде «Серпін» бағдарламасының гранты негізінде білім беру жүйелерімен таныстыру көрмесіне қатысты. Білім керуеніне отандық 23 жоғары оқу орнының өкілдері атсалысуда.
Жоғары білім беру көрмесіне Түркістан қаласындағы 39 мектептен 1200-ден астам талапкер қызығушылық танытқан. Білім ордасының өкілдері «Серпін» бағдарламасы жөнінде толық ақпарат беріп, оқу орнындағы мүмкіндіктерді толық баяндады.
«Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700-ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жуығы IT, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген. Шәкәрім университеті көпсалалы ЖОО болғандықтан бұл білім беру бағдарламаларын толықтай қамтуға мүмкіндігі бар. Оқу орнының делегаттары бастаған білім керуені облыстың Шардара, Жетісай, Сарыағаш аудандарына жалғасады.