Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 сәуір 2023конференция, ынтымақтастық, молодой ученый

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ КҮНШЫҒЫС ЕЛІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТУДЕ

Постковидтік кезең ғалымдар мен зерттеушілерге ғылыми зерттеулерін әріптестеріне талқылауға, ұсыну үшін қайта кездесуге және пікір алмасуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2023 жылдың 12-18 сәуір аралығында "Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" кафедрасының қауымд.профессорының м.а. Жұмаділов І.Т. Жапонияның ежелгі астанасы Нара қаласында өткен "Geotechnical Engineering for Cultural Heritage "GEO-SAKURA-2023" халықаралық воркшопына қатысып, баяндама жасады.
Конференцияны Жапонияның Осака қаласындағы Гео-зерттеу институты (GEO-Research Institute, City of Osaka, Japan) - құрылыс, іргетас салу, жер сілкінісін болжау, Жапонияда ғана емес , бүкіл әлемде туындаған мәселелердің ғылыми шешімдерін іздеумен айналысатын ірі ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Бұл ұйымның ғылыми жетекшісі ATC19 төрағасы, профессор Ёшинори ИВАСАКИ (Prof. Yoshinori Iwasaki) .
Конференция құрылыс, геотехникалық инженерия және әлемдегі мәдени құндылығы бар сәулет ғимараттарын – ескерткіштерді сақтау саласындағы зерттеулерге арналды. Конференция әлемнің 90 елін біріктіретін Дүниежүзілік Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия ұйымы – ISSMGE қолдауымен өтті.
Аталған конференция аясында Шәкәрім университеті мен Жапонияның Гео-зерттеу институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум Шәкәрім университетінің «Құрылыс» ББ үшін жаңа көкжиектер ашады. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымдарымен тәжірибе алмасу, профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамасы, шетелдік профессорлардың дәрісі және т.б.. Сондай-ақ, "Құрылыс" саласында маманданған басқа да жетекші университеттердің өкілдерімен одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Конференцияға Варшава политехникалық университеті (Варшава, Польша), Киото университеті (Киото қ., Жапония), Осака университетінің (Осака қ., Жапония), Мейдзе университеті (Нагоя қ., Жапония), Инчхон Ұлттық Университеті (Инчхон, Оңтүстік Корея), Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Санкт-Петербург, Ресей), Корея Университеті (Оңтүстік Корея), Чунг-Синг ұлттық университеті (Тайчунг, Тайвань), Ұлттық Тайвань Ғылым және технологиялар университеті (Тайбэй, Тайвань), Кансай университеті, (Суйте, Жапония), Нара ұлттық мәдени құндылықтар ғылыми-зерттеу институты (Нара, Жапония), Токио университеті (Токио қ.Жапония), Токушима университеті (Токушима қ., Жапония) және басқа да жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ғалымдары қатысты.