Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 қыркүйек 2021польша, кездесу

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ПОЛЬШАДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Сапардың негізгі мақсаты стратегиялық көпвекторлы әріптестікті, академиялық, зерттеу, әлеуметтік-мәдени жобалар саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Университетіміздің қонақтары доктор Филип СИКОРА, Экономика университетінің канцлері, доктор Александр СКАЛИЙ, Быдгощ Экономика университетінің Спорт және дене шынықтыру институтының директоры өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды. Шәкәрім университеті мен Быдгощ Экономика университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Польшадан келген әріптестер Қазақстандағы табысты жобалардың тәжірибесін, Rita Поляк-Американдық жобасын, бірлескен патенттердің мүмкіндіктерін және т. б. ұсынды.

Сапар аясында ынтымақтастық бағдарламаларының бағыттары бойынша проректорлармен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, ББ менеджерлерімен кездесу өтті. Олар: екі дипломды бағдарламалар, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы, бірлескен зерттеу және әлеуметтік-мәдени жобалар. Делегаттар ауқымды жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, Шәкәрім университетінің ұжымын бірлескен ынтымақтастыққа шақырды.

Сонымен қатар поляк делегациясының өкілдері ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшаның Быдгощ қаласындағы Экономика Университетіне баратын студенттермен кездесті. Канцлер мырза студенттерге шақыру қағаздарын жеке тапсырды. Жақын күндері 13 білім алушы аталмыш бағдарлама бойынша Быдгощ университетіне барады. Бұл жемісті ынтымақтастықтың алғашқы қадамы ғана.