Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 желтоқсан 2023ынтымақтастық, ғылыми әлеует, форум жұмысы

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ XV ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Санкт-Петербург қаласында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Университет алаңында XV Еуразиялық ғылыми форумы өтті. Форумға білім ордасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы А.Нұрғазезова мен Коммерцияландыру және инновациялар орталығының басшысы А.Байқадамова қатысты.
Еуразиялық ғылыми форум Үлкен Еуразия мемлекеттерінің ғылым, мемлекеттік билік, бизнес және мәдениет қайраткерлері үшін халықаралық диалог алаңы болып табылады.
«Еуразиялық мемлекеттердің жоғары мектебі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» ғылыми сессиясы шеңберінде Еуразиялық желілік университетінің (ЕЖУ) перспективаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
ЕЖУ - бұл цифрлық технологиялар және онлайн оқыту, білікті кадрларды даярлау және бірыңғай еуразиялық білім беру кеңістігін құру.
ЕЖУ құрамына Еуразияның 5 мемлекетінің 20-дан астам университеті кіреді, оның ішінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Армян мемлекеттік экономикалық университеті, Беларусь мемлекеттік университеті, «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ.
Форумға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындары мен технологиялық компанияларының өкілдері қатысты.