Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 қазан 2024студенттер

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ HUAWEI ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1 қазан күні Шәкәрім университетінің білім алушылары әлемдік Huawei компаниясы өкілдерімен кездесті. Кездесуде академияның болашақтағы жоспары мен еліміздің цифрлық дамуына елеулі үлес қоса алатын дарынды студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған «Huawei ICT Competition 2024-2025» халықаралық байқаудың маңыздылығы жайында айтылды.

  Қазіргі уақытта Шәкәрім университетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында кәсіби жоғары мамандар даярлауға бағытталған Huawei ICT Academy жұмыс істеуде.  Академия студенттерге халықаралық стандарттар мен ақпараттық коммуникациялық технологиялардың озық тәжірибелеріне сәйкес әзірленген курстардың кең ауқымын ұсынады. Академия курсы студенттерге кәсіби дағдыларды арттыруға және ақпараттық технологиялар саласындағы мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтуге көмектеседі. Курсты сәтті аяқтап, сертификатталған білім алушылар әлемдік деңгейдегі компанияларда жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Кездесу соңында білім алушыларға Huawei ICT Академия атынан ескерткіш сыйлықтар берілді.