Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қаңтар 2023ғылым, профессор-оқытушылар құрамы, жиналыс

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ӨТКІЗІЛДІ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Талқыланған мәселелер бойынша бүгін Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков университеттің құрылымдық бөлім басшыларымен, профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, ғылым және жоғары білім саласында 2022 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы жылға қойылған міндеттерімен таныстырды.
Кеңейтілген алқа отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ағымдағы жылы Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасы аясында келесі мәселелерді атағаны айтылды: студенттердің стипендияларын 2025 жылға дейін 2 есеге ұлғайту, әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жетімділікті қамтамасыз ету, студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу, шетелдік ЖОО филиалдарын ашу, "Келешек" бірыңғай ортақ білім беру жинақтау жүйесін енгізу және т.б..
«Осы бағытта Шәкәрім университеті қарқынды жұмыс атқаруы тиіс. Жоғары білім мен ғылымға басым екпін қойылып отыр. Цифрлық университет құру бағытында жұмыс атқарылуы қажет. Сандық кітапхана студенттерге ғана емес, магистратура мен докторантурада оқитын білім алушыларға да ақпарат іздеуде көмекші болады. Coursera курстарының қолжетімділігі, қазақ тіліне аударылуы, университет жұмысына деген талапта ашық әрі анық белгіленгені, міне осылардың барлығы жоғары білім саласының дамуына оң ықпал етері сөзсіз», - деді Бауыржан Аманкелдіұлы.
Сондай-ақ, Шәкәрім университеті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында беделді шетелдік оқу орны филиалын ашу бойынша келіссөздер жүргізуде. Жиында "Таза парақтан" реттеу саясаты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отырыста студенттердің интегралды GPA енгізу, Coursera-ға жазылуды рәсімдеу, пәнаралық ББ әзірлеу, "Мамандығым-болашағым" жобаларының жұмысын жеделдету, эндаумент-қорлардың қызметін құру, және т.б. ұсыныстар айтылды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
35Наука Шакарим, Назигул Газизова и ещё 33