Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 қараша 2022грант, білім алушылар, қоғамдық қор

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНЕ 20 ГРАНТ БӨЛІНДІ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі Шәкәрім университетінің 20 студентіне грант бөлді. Грант иегерлерін құттықтау мақсатында қоғамдық қор online кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Қор басшылығы студенттер мен оқу орындарының өкілдерін қайырымдылық бағдарламасын іске асыру қорытындыларымен және Қор қызметімен таныстырырды. Сондай-ақ, білім алушыларды халықаралық студенттер күнімен құттықтады. Өз кезегінде студенттер осындай мол мүмкіндік берген басшылыққа алғысын білдірді.
Ұйымның басты мақсаты – еліміздің интеллектуалдары: студенттер, ғалымдар, зерттеушілер, талантты адамдармен, сала профессионалдарына қолдау көрсетіп, дамыту.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар тағайындайды. Бұл өз кезегінде ата-аналар мен білім алушыларға үлкен мүмкіндіктің бірі.
Қоғамдық қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болғандықтан ақша қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты "өтеуге" міндетті емес.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!