2024 жылдың 16 қарашасында Shakarim University жас ғалым әрі зерттеуші Ринат Құсайыновтың басшылығымен Инжиниринг орталығының тұсаукесерін өткізді. Бұл орталық машина жасау және материалдарды өңдеу саласында жоғары білікті мамандар даярлауға арналған заманауи инженерлік шешімдер платформасы болып табылады.
Орталықтың ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки қатысып, бүгінгі күннің сын-қатерлері икемділікті, инновациялық көзқарасты және экономика саласының сұраныстарына жедел жауап беру қабілетін талап ететінін және осы бағытта Шәкәрім университетінің Инжиниринг орталығы ғылым мен білімнің аймақтың тұрақты дамуының негізіне айналғанының жарқын үлгісі бола алатынын атап өтті.
Shakarim University Инжиниринг орталығы – Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаев қойған стратегиялық міндеттер аясында ғылым мен жоғары білімді жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл міндеттерге практикаға бағытталған білім беруді дамыту, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру және экономиканы озық технологияларды енгізу арқылы интеграциялау кіреді.
Бұл процесте ерекше рөлді ғылым және жоғары білім министрлігі атқарады. Министрлік университеттердің ғылыми-зерттеу және білім беру орталықтарына трансформациялануын қолдайтын бастамаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Ведомствоның күш-жігері кадрларды даярлауға, университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, қолданбалы міндеттерді шешуде инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Shakarim University Инжиниринг орталығы студенттер мен ғалымдардың мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, стратегиялық шешімдер мен нақты өзгерістер алаңына айналуда. Бұл жерде материалдардың беріктігі мен нығайту әдістерін сынақтан өткізу, машина жасау және бөлшектерді өңдеу технологияларын әзірлеу, индустрия сұраныстарына бағытталған қолданбалы зерттеулер жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.
Shakarim University ректоры Думан Орынбеков атап өткендей, Инжиниринг орталығы – ғылым, білім және технология нақты өзгерістердің қозғаушы күшіне айналатын платформа. Мұнда технологиялар саласындағы стратегиялық шешімдер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы түлектерді өндірісті дамытуға қажетті кадрлық мамандар ретінде дайындау жүзеге асырылады.
Студенттерге заманауи жабдықтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп, практикалық кейстер негізінде білім алады, сондай-ақ өнеркәсіппен бірлескен жобаларға қатысады. Сонымен қатар, орталық базасында кәсіби дағдыларды жетілдіру мақсатында семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Бұл тек Shakarim University-дің ғылыми әлеуетін нығайтып қана қоймай, жаңа буын инженерлерін даярлаудың бастапқы қозғаушы күшіне айналады. Олардың білімдері мен дағдылары Қазақстанның тұрақты дамуға сенімді қадам басуына септігін тигізетіні анық.