Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қараша 2023ғылыми әлеует, ғылыми журнал, вестник

«SHAKARIM UNIVERSITY ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР СЕРИЯСЫ» ҒЖБССҚЕК (КОКСНВО) ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР СЕРИЯСЫ» ғылыми журналы, «Химиялық технология» мен «Тамақ инженериясы және биотехнология» бағыттары бойынша ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне кірді (№978 бұйрық, 28.11.2023 ж.).
Журналдың редакциялық алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар бар. Журнал Open Access авторларының жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділігі саясатын ұстанады. Журнал мақалалары CrossRef дерекқорында тіркеледі.
Журнал ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығында, ICI World of Journals и Elibrary.ru халықаралық деректер базасында индекстеледі, сондай-ақ Mendeley, Google.Scholar, Lens.Org, Нейро ассистент, WorldCat платформалары мен Республикалық университетаралық электрондық кітапханасында орналастырылады.
Ғалымдарды, оқытушыларды, ғылыми қызметкерлерді, докторанттарды теориялық және практикалық маңызы бар, бұрын жарияланбаған және жаңалық болып табылатын авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсыныстарды қамтитын іргелі және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға шақырамыз!
Толық ақпарат tech.vestnik.shakarim.kz журнал сайтында қолжетімді.