Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 маусым 2024зертхана, жоба, педагогика

SHAKARIM UNIVERSITY ЗЕРТХАНАЛАРДЫ ЖАҢАРТУ: ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМГЕ ҚАДАМ

Педагогикалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қазіргі заманғы талаптар мен әлемдік стандарттарға сәйкес келетін педагог кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Осы тұрғыда, мемлекет тарапынан ауқымды «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы іске қосылғаны белгілі.
Жоба шеңберінде білім берудің жаңартылған мазмұнын қолдауға бағытталған бастамалар кешені жүзеге асырылуда. Соның бірі – ғасырға жуық тарихы бар, педагогикалық білімнің ұстаханасы саналатын Shakarim University физика, биология және химия бойынша зертханаларының ашылуы. Мамандандырылған зертханалар ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бастау алды. Зертханаларды жаңғырту университетке ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында студенттерге озық білім мен практикалық дағдыларды ұсынуға мүмкіндік берді. Заманауи жабдық болашақ мұғалімдердің мансап үшін қажетті дағдыларды дамытады.
Абай өңірінде мұғалімдердің шамамен 70% Shakarim University түлектері екенін атап өту маңызды. Бұл мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін және олардың еңбек нарығындағы сұранысын көрсетеді.