Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Аудит пен есептің халықаралық стандарттарын енгізу проблемалары, қолдану тәжірибесі" атты халықаралық олимпиадаға "Экономика және қаржы" кафедрасының студенттері қатысты.
Олимпиада жетекшілері PhD докторы М.С Искакова мен э.ғ.к. Л.З.Паримбекованың айтуынша, студенттер эссе жазып, тесттерге жауап берді. Есептер шығарып, мамандық туралы бейне байқауға қатысты.
Тартысты шараға еліміздің жетекші ЖОО, Ресей, Өзбекстан елдерінің білім алушыларымен өзара бақ сынады. Жүзден жүйрік атанған Кәрібаева Ақсауле жүлделі 2 орынды иеленді. Жеңімпазымыздың жетекшісі PhD докторы М.С.Искакованы шәкірттінің жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!