«SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» тақырыбында ұйымдастырылған форум аясында, кәсіби бағдар беру мақсатында Ұлылар мекені, Абайдай дананың ізі қалған қасиетті өлке Абай ауданының 200-ге тарта мектеп оқушыларымен ата-аналарын қамтыған ауқымды шараға қатысты.
Көңілді шараның жоғары деңгейде өткізілуіне университеттің белсенді жастары айрықша атсалысты.
Әртүрлі мамандықтың басын қосқан әмбебап оқу орнының студенттері кәсіптік бағдар беруде білім беру бағдарламаларының мәнін толық жан-жақты ашып, Шәкәрім шаңырағының тарихына шолу жасады.
Алғы сөз Абай ауданының әкіміне берілді.Аудан әкімі мамандық таңдау үлкен жауапкершілік екенін алға тартып, өткізіліп жатқан шараның маңызына тоқталды.
Шарада университет өмірінің жан-жақты дамуына үлес қосып,оқуда ерекше озаттық танытқан қасиетті Абай өңірінен шыққан Шәкәрім жастарының ата-аналарын алғыс хатпен марапаттаумен басталды.
Өз кезегінде филология факультетінің деканы Айбар Қабыкенұлы:
–Университет– шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың болашағына даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің ертеңі, кемел келешектің иесі болуына үлес қосады, –деді.
Айта кетейік, шарада ағымдағы жылы мектеп бітіретін «Алтын белгі» үміткерлеріне Шәкәрім университетінің атынан 10 гранттың сертификаты берілді.
Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті екені мәлім. Өз кезегінде Кәсіби бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімінің басшысы Омарова Алия Каттабаевна:
–Білім ордасының бай тарихын, университеттің артықшылықтарын, Шәкәрім университетіне бөлінген квота гранттары, Мемлекеттік гранттар тағайындайтын конкурсқа өтініш беру сынды маңызды сауалдарға тоқталды.
Бөлім басшысы: “Қай жерде білім алсаңыздар да, қай оқу орнын, қандай мамандықты таңдасаңыздар да, Сіздердің негізгі таңдауларыңыз – қазақ елінің жарқын болашағы үшін қызмет етуге бағытталатынына сенімдімін!
Бүгіннен бастап топшысы сынға түсер кезде Сіздерге тек сәттілік, ақ жол тілеймін!”, – деп сөзін түйіндеді.
Оқушы мен студент, ата-ана мен ұстаздың басын қосқан Шәкәрімнің Абай ауданындағы күні сәтті өтті!
Сапар киелі топырақ Жидебай!
Абай мен Шәкәрім туған қасиетті жер Жидебай!
Шәкәрім шаңырағында кездескенше!