Бүгін Шәкәрім университінің басшысы Бауыржан Ердембеков Инженерлік-технологиялық факультеттің белсенді студенттерімен кездесті.
Кездесуге факультеттің 30-ға жуық білім алушылары қатысты. Жиын барысында оқу үрдісіндегі проблема, патриотизм, сана, тәрбие, қолданбалы ғылым, стартап жобалар тақырыптары көтерілді.
Басқарма төрағасы өз кезегінде университет ішіндегі бәсекелестік, студенттердің өзін-өзі басқаруына жол берілуі мәселелерін қозғады. Білім алушылар мен басшылық арасында көпір болуы керектігін, сондай-ақ жастардың идеяларын тыңдаған мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болмайтынын атап өтті.
Ректордың айтуынша, жастарға, студенттерге білім ордасының дамуы жолында өз идеяларын, ойында жүрген игі іс-шараларды жүзеге асыруына мол мүмкіндік берілуде.
Кездесу соңында жастар университет басшысына толғандырған сұрақтарын ашық қойып, көкейлерінде жүрген ой-ұсыныстарын ортаға салды.