Білім алушы студенттің мамандық бойынша теориялық білімін және практикалық біліктілігін сапалы қалыптастыру үшін, ғылыми-ізденушілік тұрғысында зерттеушілік жұмысты дәріптеу үшін студенттік ғылыми үйірменің маңызы зор.
Осы орайда, бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы аясында Гуманитарлық-экономика факультетінің студенттік ғылыми үйірмелерінің студенттері арасында семинар өткізілді.
МАҚСАТЫ:
- - студенттердің ғылыми жұмыстарындағы ізденістік бағытқа бетбұрыс жасау;
- - теориялық білімдерді практикалық негіздермен ұштастыру;
- - университеттің коммерциализация бағытындағы пәрмен қызметін арттыру.
Гуманитарлық-экономика факультетінде төрт кафедраның негізінде 7 ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Олар:
- 1. Тарих және құқық кафедрасындағы «Археолог және полиграф», «Заңгер», «Софийцы»;
- 2. Қаржы кафадрасында «Клуб Адама Смита»;
- 3. Психология кафедрасында «Зерде»;
- 4. Өнер және музыка кафедрасында «Музыкант-ізденуші», «Шабыт палитрасы».
Аталған СҒҮ-сі және оның мүшелері, яғни студенттер, осы сәтке дейін өздерінің мамандықтары негізінде түрлі ғылыми семинарлар, конференциялар, форумдар, симпозиумдар т.б. қатысып келеді.
Семинар екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «ҚОҢЫР ПЛАЩ» тақырыбында 7 ғылыми үйірме мүшелерінің ТЕDx форматындағы дәріс-семинары болды.
Жиын соңында университеттің коммерциализация бағытындағы пәрмен қызметін арттыру үшін бірқатар ұсыныстар айтылды.