Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 қараша 2022кездесу, терроризм, түсіндіру жұмыстары

ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде терроризм мен экстремизмнің құбылысы, оның нысандары мен көріністері байқалуда. Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады.
Осы орайда Шәкәрім университетінде Абай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Діндерді зерттеу орталығының өкілдері профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Сабақ барысында терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар айтылды.
Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары террорлық әрекеттерді тергеу барысында ең басты қауіп сырттан емес, іштен шығатыны дәлелденді.
ЖОО басшылары мен қызметкерлері нені білуі керек?
* Міндетті түрде ІІБ — 102 кезекші бөліміне немесе құтқару қызметіне — 112 хабарласыңыз;
* Күдікті және бөгде заттарға қол тигізбеңіз;
* Қорқыту, бопсалау, адамдарды кепілге алу туралы бірде-бір сигналды елеусіз қалдырмаңыз, барлық әңгімелер мен хабарламаларды сақтауға тырысыңыз.
Университет қызметкерлеріне бөгде заттар анықталған кезде өзін қалай ұстау керектігі туралы бейнероликтер көрсетілді.