Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қараша 2022құттықтаймыз, валюта және қаржы күні

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚАРЖЫГЕРЛЕР КҮНІ

1993 жылы дәл осы күні теңге ресми айналымға енген болатын. Ал, 1997 жылы Тұңғыш Президент жарлығымен бұл күн әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде.
Кейіннен жаңа үлгідегі банкноттар бірыңғай стильде жасалды. Айта кетейік, Қазақ валютасы ерекше дизайнымен түрлі байқауларда топ жарып, ең үздік банкнот атағын иеленіп келеді.
Шәкәрім университетінің Гуманитарлық-экономика факультетінде қаржыгерлер саласының мамандарын дайындайтын "Экономика және қаржы" кафедрасы жұмыс істейді. Бұл кафедраның түлектері бүгін де ел экономикасының қаржы әлеуетін арттырып отырған мамандар.
Олай болса қаржы саласының қызметкерлерін, болашақ мамандарды бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтаймыз!