Ұлағат ұясына айналған білім мен ғылымның қарашаңырағында дәстүрлі он екінші «Университет балы» өтті.
Шара жастарды бекзат өнерге тарту арқылы оларды жоғары мәдениеттілікке, инабаттылық пен қайырымдылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды.
️Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. «Әр ханшайымның өмірі ертегідей болу керек» деген ұранмен басталған бұл кеш университеттің "Қазақстан студенттерінің Альянсы" ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді.
Алғы сөз Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембековке берілді.
-Бүгінгі кеш студенттердің еңбегі деп білемін. Жыл сайын «Университет балы» жоғары кәсіби деңгейге көтеріліп, қатысушылар саны бірнеше есе артып келеді. Күнделікті оқу орны ғимаратында студенттердің дайындығын көріп қуандым. Міне, бүгін сіздер біздің алдымызда әсем көйлектеріңізді киіп, сұлулықтың символына айналып отырсыздар. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!- деді Бауыржан Аманкелдіұлы.
ЖОО-ның күнделікті өміріне үйренген барша студенттер мен оқытушылар үшін бұл күн ерекше болды. Вальстің әуені жылы соғып, қонақтардың көңілін көтерді. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Кеш шымылдығын Ветеринария және агроменеджмент факультеті әсем биімен бастады. Инженерлік-технология, Филология, Шәкәрім жоғары колледжі, Гуманитарлық-экономика және Жаратылыстану-математика факультеттері студенттерінің биін қадірлі қонақтар қызыға тамашалады.
Шара нәтижесі бойынша 1 орын
Жаратылыстану-математика, 2 орын Гуманитарлық-экономика факультеттері, 3 орынды Шәкәрім жоғары колледжі иеленді.
Кеш соңында университетiмiздiң «Ханзадасы мен Ханшайымы» анықталды. Жаратылыстану-математика факультетінің білім алушылары Заңғар Мұқажанов пен Дана Рахымғалиқызы атанды.
Кештің жоғары дәрежеде өтуіне көмек көрсеткен барша демеушілерімізге алғысымыз шексіз.