Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық конкурсқа Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, жоба жеңімпаздары атануда.
1.Жергілікті электролиттік-плазмалық шынықтыру арқылы жүк вагонының болат бөлшектерінің төзімділігін арттыру – Шаяхметов Ержан Ярнарұлы, 81 млн.теңге.
2.Гибридті күн коллекторында қолдануға арналған TiO2 негізіндегі нанофлюидті салқындатқыш – Касымов Асқар Бағдатұлы, 79 млн.теңге.
2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!