Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қазан 2024зияткерлік ойын

«ҮШ АНЫҚ» КОМАНДАСЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өскемен қаласындағы C.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 10 жылдығына орай еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Antikor Quiz – 2024» зияткерлік ойыны өткізілді. 

Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, маңызды адамгершілік құндылықтарға баулу және білімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған білім бәйгесінде Қазақстанның әр облысынан келген  11 команданың ішінен Shakarim University-дің «Үш анық» командасы жүлделі 3-орыннан көрініп, арнайы кубокпен, дипломмен және ақшалай сыйлық сертификатымен марапатталды. Команда капитаны – PhD, қауымдастырылған профессор, Жастарды әлеуметтік қолдау және  дамыту орталығының басшысы Арайлым Оразғалиева және команда мүшелері:  Қымбат Манапов (ИЯ-2401 тобы), Ғани Қасымов (Ф(IP)-2401 тобы), Бек Сейлғазиев (М(IP)-2401 тобы), Азат Разханов (МИ-101), Нұрым Тұрсынғалиев (М1-201).

Республика деңгейіндегі зияткерлік жарыста жүлдегер үштіктің қатарынан көрінген  жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!