14 ақпан күні Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Абдикаримова Тоты Тілеулесқызы 60 жасқа толды. 40 жылдан астам уақытын шәкірт тәрбиелеп ұстаздық жолда адал қызмет атқарып келе жатқан тәжірбиелі маман, білікті басшы, әріптестерінің құрметіне бөлене білген дара тұлға.
«ЕҢБЕК ЖОЛЫНЫҢ ШЫҢЫ» атты арнайы сухбаттасу кешінің алғашқы құттықтауы КеАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» Басқарма мүшесі-академиялық мәселер жөніндегі проректор міндетін атқарушы И.А.Оралканованың ақ жарқын тілегімен ашылды. Мерейтой иесіне арнайы «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының құттықтау хаты да табысталды.
Ұстаздық жолда бірге қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеу ісінде аянбай еңбек етіп келе жатқан университеттің декандары, колледж ұжымы және сырттан келген қонақтар ізгіі тілектерімен кеш жалғасын тапты.
Сұрақ-жауап алмасу форматында өткен бұл кеште өз елімізден және шет елден бейне құттықтаулар және еңбек жолының өткен жылдарынан естеліктер көрсетілді.
Шәкәрім жоғары колледжі