Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі18 қыркүйек 2023кездесу, сотрудничество, ғылым саласы

ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Бүгін университет ректоры Думан Орынбеков «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Басқарма төрағасы Александр Борисенко мырза бастаған делегациямен кездесті.
Тиімді инновациялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру және жоғары технологиялық компанияларды өсіру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуына ықпал етуді мақсат еткен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ бүгінде түрлі салаларда жемісті қызмет атқаруда.
Кездесудің басты мақсаты – жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асырып, ғылыми бағыттағы кадрларды даярлау және екі жақты тиімді ынтымақтастық орнату болып табылады.
Кездесу барысында университет ректоры Думан Рымғалиұлы өз сөзінде өзара ынтымақтастық орнату – білім беру сапасын жақсартып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын тілге тиек етті. Алдағы уақытта тараптар бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады.