Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2022послание, жолдау

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Айталық, жастарға жылдық өсімі 2,5 пайыздық жеңіл несие беріледі, мемлекеттік грант саны артпақ. Әрбір балаға Ұлттық қордан 18 жасқа дейін ақша бөлініп отырады. Елімізде ең төменгі жалақы 70 мың теңге болмақ. Елімізде күзде кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін өндіріс орындарын инновациялық технологиялар мен жоғары санатты кадрлармен қамтасыз ету қажеттігі, салық саясаты, оның ішінде кеден саласындағы мәселелерді шешу, жер, жол, құрылыс мәселесінің дұрыс игерілуі қарастырылды.
Сондай-ақ денсаулық, әлеуметтік мәселелермен қоса, білім беру саласы да басты назарда болды. Мәселен, мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарында кездесетін олқылықтарды ретке келтіріп, бала-бақшадағы тәрбиешілерді де аттестаттаудан өткізу керектігі ескертілді. Білімді оқушы – біздің болашағымыз! Ендеше осы «Жайлы мектеп» бағытында 800 мыңға жуық мектеп салынуы керек екеніп атап өтілді.
Жастар мәселесі де күн тәртібінен түспек емес, жатақхана мәселесі, жас мамандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бағдарламалары іске асырылмақ.
Осы орайда, Шәкәрім университетінде де болашақ маманның білім алуында оқу үрдісінде заманауи технологияларды қолдану, дәрісханалардың жасақталуы, жатақханалардың пайдалануға берілуі, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге аса көңіл бөлінуде.
Алдағы уақытта Мемлекет басшысы айқындап берген мақсатты бағыт-бағдар толық жүзеге асырылады деген сенімдеміз.
Біз, оқытушылар қауымы, ел болашағы – жастарға білім мен тәрбие беруде барлық күш-жігерімізді жұмсай береміз.