Шәкәрім университетінің баспасөз қызметісеминар, экология

ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Жаһандық экологиялық дағдарыстың қатаң шарттары, оны еңсеру қажеттілігі экологиялық критерийлерді адам қызметінің барлық салалары үшін міндетті және басым деп санайды.
Осы орайда Химиялық технология және экология кафедрасында «ЖОО педагогтардың экологиялық құзыреттілігін жоғарылату» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинарға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Жиынды Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Ж.Тохтаров ашып, Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары ғаламдық міндеттер қатарында екендігін айтты.
Экологиялық және педагогикалық құзыреттілік әлеуметтік практиканың көптеген салаларында сұранысқа ие,- дейді ұйымдастырушылар.
Семинар барысында Артамонова Е.Н., х.ғ.к., доцент «Кәсіби қызметтегі педагогтың экологиялық құзіреттілігінің рөлі»; С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аға оқытушысы ., б.ғ.к., Кекильбаева Г.Р «С.Сейфуллин атындағы КазАТУ, «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамының экологиялық құзіреттілігін арттыру жолдары»; Сибиркина А.Р., б.ғ.д., доцент, «Челябі мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі, экология факультетінің деканы (қ. Челябинск) «Қоғам мен білім беруді экологияландыру»; Қасымова Ж.С., б.ғ.к., доцент «Химиялық пәндерді оқыту кезінде кейс-технологияларды қолдану арқылы педагогтардың экологиялық құзыреттілігін арттыру»; Мурзалимова А.К., аға оқытушы «ЖОО оқытушылардың экологиялық құзыреттілігін арттырудың тиімді жолдары» тақырыптарында баяндама жасады.
Сонымен қатар, аталмыш семинарға қатысушылар оқыту процесіндегі экологиялық тəрбие, ғылыми-техникалық прогресті дамытудың қажеттілігі, ақпарат құралдарының жəне экологиялық ұйымдардың басқа елдердің экологиялық тəрбие берудегі тəжірибелері тақырыптары төңірегінде келелі ойларымен бөлісті.