Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 қазан 2022жәрмеңке, ярмарка, қала тұрғындары

ЗООВЕТЕРИНАРЛЫҚ ИНСТИТУТТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА SHAKARIM AGRO – 2022 ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Шәкәрім шаңырағында бұрынғы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының 70 жылдығы аясында дәстүрлі «ШӘКӘРІМ-АГРО-2022» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңке-көрмесі өтті.
Көрмеге университет басшылығы, еліміздің зиялы қауым өкілдері, институт түлектері, қала тұрғындары қатысты.
Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков жәрмеңкенің бірнеше жылдар бойы Абай облысы тұрғындарын қуантып келе жатқанын атап өтті.
- Мұнда университеттен ғана емес, облыстың түкпір-түкпірінен келген қонақтар ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағамен сатып алуға келеді. Мұнда Шемонаиха, Бородулиха, Зайсан, Бесқарағай және басқа да аудандардың өнімдері бар.
Шара «Агротехнопарк» ғылыми орталықта профессор В.С.Федосеев атындағы микробиологиялық ғылыми зертхананың ашылуымен жалғасын тапты.