Ойынсыз нұсқа жалғасын тапты

Пресс-служба     11 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде «Семей менің жүрегімде» фестивалі аясындағы ойынсыз нұсқа өз жалғасын тапты. Фестивальде басты сыйлықтар автокөлік пен 4 жылдық тегін оқу ойнатылса, қалған сыйлықтар дәстүрлі түрде тек студенттер арасында ойнатылды. 2019-2020 оқу жылында жаттығу залына және бассейнге тегін баруға 20 сертификат ойнатылды. Сондай-ақ 1 жылдық оқу ақысына 10% жеңілдікке 7 студент ие болса, 20% -дық жеңілдікті 5 студент ұтып алды. Ал, бір семестрлік тегін оқу 2 студентке бұйырды.

Сонымен қатар ойынсыз нұсқаның басты сыйлықтарының бірі бір жылдық тегін оқуға математика мамандығының студенті Қыдырханова Дина ие болды. Айта кетейік, ойынсыз нұсқа «Семей менің жүрегімде» фестивалі аясында төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Университеттің ақылы бөліміне оқуға түскен 1 курстар «Мұндай мүмкіндікке ие боламыз деп ойламадық» дейді қуаныштарын жасыра алмай.


Ойынсыз нұсқамен қатар дәл осы кеште университеттің барлық курс студенттеріне арналған «Қосымша акция» ойнатылды. Науқанның шарты бойынша студент 31 тамызға дейін жылдық оқу ақысын төлеп, кепілдік берілген 10% жеңілдікті алып, бас жүлде – тегін оқу жылы ұтысына қатысу болатын. Тегін оқу жылын ұтып алудың бірегей мүмкіндігі Экономика және құқық факультетінің студентіне бұйырды.