Оқушыларға дәріс оқылды

Пресс-служба     29 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің тарих және саясаттану оқу кафедрасы қаламыздағы №37 мектеп-гимназиясының оқушыларына дәріс оқыды.

«Тәуелсіздік тағылымы» деп аталатын дәріс 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналды.

Жастарды Отанды сүюге және оған қамқорлық жасауға, қазақ елінің қазіргі гүлденуі мен өркендеуіне өз үлестерін қосуға, ой-пікірін ашық білдіруге тәрбиелеу мақсатында өткен дәріске 80-ге жуық оқушы қатысты.

«Тәуелсіз еліміздің намысые қорғайтын, бүгінімізді ертңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік» деген Елбасының қанатты сөздері жалынды жастарға үлкен серпіліс берді» дейді ұйымдастырушылар.