Оқыту курстары өткізілді

Пресс-служба     30 Apr,2019        

22-26 сәуір аралығында Шәкәрім университетінің инновациялық білім беру технологиялары орталығы Үржар аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының ұстаздарына оқыту курстарын  ұйымдастырды.

Оқыту курстары – мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контексінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуына арналған. Сабақ өткізу барысында жалпы орта және мектепке дейінгі білім беруді дамыту үдерісі ретінде инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ білім беру мекемелерінің инклюзия жағдайында жұмыс істеуге дайындық деңгейі қаралды.

Тыңдаушылар инновациялық технологиялар негізіндегі оқытулардың өзектілігі мен қажеттілігі жайында айтып, алғыстарын білдірді.