Оқыту курсы ұйымдастырылды

Пресс-служба     16 May,2019        

13-17 мамыр аралығында Шәкәрім университетінің Инновациялық білім беру технологиялары орталығында «Әлеуметтік саланы жаңарту контексінде әлеуметтік қызметкердің жұмысын психологиялық қамтамасыз ету» тақырыбына оқыту курсы ұйымдастырылды.

Университет ғалымдары жүргізген сабаққа Тарбағатай, Бесқарағай, Үржар аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты

Курсты өткізу барысында тыңдаушылар әлеуметтік жұмыстың әдіснамалық тәсілдерімен, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық-нормативтік базамен, әлеуметтік жұмыстың заманауи технологияларымен танысты. Сонымен қатар қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің әлеуметтік психологиялық сипатындағы мәселелерді, 18 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің ерекшеліктерін және геронтология мәселелерін қарастырды.

Практикалық сабақтарда психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған түрлі қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру бойынша дағдыларды дамытуға ықпал ететін тренингтер өткізілді.