Оқытушылар құрамы футзалдан ІІ орын иеленді

Пресс-служба     18 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің оқытушылар құрамы футзалдан Семей қалалық ІІІ ашық спартакиада да ІІ орын иеленді.

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа қаламыздың жоғарғы оқу орындары, колледждері және дене шынықтыру ұжымынан 15 команда қатысты. 6 күнге созылған тартысты додада  Шәкәрім университеті құрамасы жақсы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберлігін көрсетіп 2 орынды иеленді.

Турнирдің үздік шабуылшысы болып командамыздың ойыншысы Ахметов Игорь танылды. Құттықтаймыз!