Олимпиаданың кезекті жүлдегерлері

Пресс-служба     15 Apr,2019        

Шәкәрім университетінің инженерлік-технологиялық факультеттің  студенттері Алматы технологиялық университетінде өткен ХІ Республикалық пән олимпиадасында “Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы” мамандығы бойынша командалық есепте 3 орынды иеленді. “Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы” кафедрасының аға оқытушысы Нұрбике Күркембаеваның жетекшілігімен “Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы” мамандығының 3 курс студенттері Сапар Ақнұр, Өмірбаева Гүлжанар, Қайратқызы Анар командалық есепте 3 орынға ие болса, жеке есепте 3-ші жүлделі орынды Қайратқызы Анар қанжығасына байлады.