Олимпиаданың жабылу салтанаты өтті

Пресс-служба     17 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің  85 жылдық мерейтойына  орай  Қазақ ССР-дің еңбек сіңірген ұстазы, педагогика ғылымдарының кандиадаты , профессор Тұрлыханова Марзия Айтбаевнаның құрметіне ұйымдастырылған, математика пәні бойынша өткізілген олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.  Олимпиаданың басты мақсаты – университет студенттерінің білім мен ғылым саласындағы бастамаларына қолдау көрсету.

Өткізілген білім додасына Жаратылыстану-математика факультетінің 1-4 курс  студенттері қатысты.

Сонымен қатар олимпиаданың жеңіпаздарына профессор “Марзия Тұрлыханова” атындағы арнайы қаржылай стипендия 12 студентке тағайындалды.

Олипиада жеңімпаздарын марапаттаумен қоса  Шәкәрім университетінде  ақылы формада оқитын көпбалалы отбасынан шыққан бірқатар студенттерге материалдық көмек ретінде,  50 пайыз жеңілдік сертификаттары  табысталды.

Кеш қонақтары: Турлыханова Гапура Мухатбековна –  Марзия Тұрлыханованың келіні «Болашақ» ЖШС- директоры

Қала мектептерінің математика саласы бойынша құрметті ұстаздары , Жаратылыстану және математика факультетенің студенттері мен олимпиаданың қатысушылары арнайы шақыртылды.

Жаратылыстану және математика факультетенің деканы Берикханова Гульназ Ежанхановна өз баяндамасында –  Марзия Тұрлыханованың еңбек жолымен таныстырды.

Сонымен қатар Тұрлыхановтар отбасына Шәкәрім университетінің жоғарғы қоғамдық марапаты Абай елі алғысы табысталды.

Айта кетейік Мәрзия Тұрлыханова дәл осы оқу орнының түлегі, жаратылыстану-математика факультетін тәмәмдаған. Сондай-ақ Мәрзия Айтбайқызы –  Қазаққа Дәулет Тұрлыхановтай балуанды сыйлаған, он баланы дүниеге алып келген алтын құрсақты ана, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы.

Тұрлыхановтар отбасы аналарына арналған бұл олимпиаданы  өткізуді дәстүрге айналдырамыз дейді.