Олжас Сүлейменов Шәкәрім университетінде

Пресс-служба     31 May,2019        

30 мамыр күні Шәкәрім университетінде ақын, еңбек ері,  қоғам қайраткері, саясаткер,  «Невада- Семей» қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті. Алдымен ақын университетіміздің «Рухани жаңғыру» орталығында ақындар мектебінің шәкірттерімен кездесті . Жас ақындар Олжас Омарұлына арналған өлеңдерін оқыды. Көренекті мемлекет және қоғам қайраткері университетке өз қолтаңбасын қалдырды. Кездесу басталмас бұрын Олжас Сүлейменов орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталық – университет студенттері мен қонақтарына жазушы, ақынның шығармашылығымен танысып қана қоймай, оның көп қырлы тұлғасын тануға, сонымен қатар қызықты кездесулер мен іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.Шара қонағы Алматы қаласы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Есполов  Тілектес  Исабекұлы болды. Кездесу барысында ақын аудитория тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөлісіп, жазушының кітаптарын ала келген жастарға қол таңба берді. Бұл Олжас Омарұлының шығармашылығына қызығатындар үшін үлкен тарихи оқиға болды.

Сонымен қатар Олжас Сүлейменовке “Шәкәрім университетінің құрметті докторы” атағы беріліп, арнайы куәлік табысталды.

Кездесу одан әрі «Бейбітшілік» аралындағы «Өлімнен де күшті» ескерткішінің маңында  тәрбие сағатымен жалғасты. «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі – Олжас Сүлейменов семейлік жастармен кездесті. Семей полигоны құрбандарына арналған монументке гүл  шоқтарын қойған ақын жастарды қырық жыл қазақ даласына қырғын әкелген Семей ядролық сынақ полигонын қайтпас қайсарлықпен жапқан халықтың ерлігімен мақтануға шақырды.