«Өнер және жаңа технологиялар» атты семинар өтті

Пресс-служба     17 Sep,2019        

16-17 қыркүйек күндері Қазақстан Аннимациялық киносы Ассоциациясы президенті Ғали Мырзашев Шәкәрім университетінің оқытушылары мен студенттеріне «Өнер және жаңа технологиялар» атты семинар өткізді.
Семинар университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған “Шәкәрім университеті – ашық алаң” атты іс-шаралар циклін ашады. Оның мақсаты студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ететін тәжірибелік іс-шаралар өткізу. Бүгінгі таңда қосымша құзыреттілікті дамыту өзекті тренд және адамның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты Шәкәрім университеті мен Қазақстан анимациялық кино қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Енді меморандум аясында бейнелеу өнері саласының үздіктері тәжірибелік семинарлар өткізетін болады.
Семинар барысында Ғали Мырзашев түрлі көркем техникалар мен тәсілдерді ұсынды, анимация индустриясындағы өз тәжірибесімен бөлісті, бірнеше практикалық сабақтар өткізді. Екі күннің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.