Онлайн дәріс өтті

Пресс-служба     04 May,2019        

3 мамыр күні Шәкәрім университеті Аграрлық факультетінде Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мұхамедиев Нұржан Серікқанұлының онлайн лекциясы өтті. “Энтомология” пәні бойынша “Агрономия” және “Орман ресурстары және орман шаруашылығы”мамандықтарының студенттері дәріс тыңдады. Оқытудың бұл түрі маңызды және пайдалы ақпарат алудың өте ыңғайлы және қолжетімді тәсілі болып табылады. «Бүгінгі таңда онлайн дәрістер өзін-өзі дамытудың аса өзекті процесі»,- дейді дәріс тыңдаған студенттер.