«Өзіңменен жүрегім егіз менің» атты қалалық поэзия кеші өтті

Пресс-служба     03 Dec,2019        

Шәкәрім университетінің Co-working  орталығында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған   «Өзіңменен жүрегім егіз менің» атты қалалық поэзия кеші.

Университеттің Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің ұйымдастыруымен өткен кеште ақынның сөзіне жазылған тамаша әндер шырқалып, өлеңдері оқылды.

Шарада көрнекті қаламгер туралы деректі фильмдер көрсетіліп, шығармашылығы мен өмірі жайлы деректер ұсынылды. Қазақ поэзиясында айрықша дарынымен танылып, ұлттық әдебиетіміздің жарық жұлдызына айналған Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған поэзия кешінде  жергілікті ақын-жазушылар мен студенттер, таланты мен шығармашылық қыры, қайраткер ретінде атқарған еңбегі жайлы ойларын ортаға салды.

«Қатысушылар мен көрермендер артына мол мұра қалдырған Фаризадай өр ақынның жыр жолдарын тыңдап, көңілдің сыршыл пернелерін дөп басқан әсем әндерінен рухани азық алып қайтты» дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік 5 желтоқсан күні поэзия падишасы атанған Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толмақ. Шәкәрім университеті бұл мерейтойды мереке қарсаңында-ақ бастап, еске алу кешін өткізді.