Пайдалы демалыс

Пресс-служба     04 Nov,2019        

Ағымдағы жылдың күзгі демалыс уақытында Шәкәрім университетінің Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының жоғарғы оқу орындарға дейінгі дайындық бөлімі аудан мектептерінде ұлттық бірыңғай тестке дайындық курстарын өткізді. Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Жарма және Үржар аудандарының 30-дан астам жоғарғы сынып оқушылары демалыстарын бос өткізбеді.

Оқушылар аз ғана уақыт аралығында білімдерін тереңдетіп қана қоймай, жаңа достар тапты.

Түрлі викториналық ойындар ойнап, кәдесыйларға ие болған оқушылар университет ұжымына алғыстарын білдірді.

«Білімге деген құштарлығы мен қарқынды еңбектерінің арқасында жоғары нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз» дейді оқытушылар.

Курс соңында, оқушылар ONLINE-тест тапсырып, жақсы нәтиже көрсетті. Курсқа қатысқан мектеп түлектері болашақта Шәкәрім университетінің студенті боламын деген ниеттерін жеткізді.