Пән олимпиядасында 2 орынға ие болды

Пресс-служба     13 Apr,2019        

Шәкәрім университетінің жаратылыстану және математика факультетінің студенттері Қарағанды қаласында өткен республикалық пән олимпиядасында Химия мамандығы бойынша 2 орынды иеленді. Педогогика ғылымдарының кандидаты Онтагарова Динараның жетекшілік етуімен 4 курс студенті Гүлбаршын Ешназар және 2 курс студенттері Диана Игенбердинова мен Жанерке Нұрсағатовалар жоғары көрсеткіш көрсетті.