Пәндік олимпиадада 1-орын

Пресс-служба     21 May,2019        

Шәкәрім униуниверситетнің «Геодезия және картография» мамандығының студенттері Сафиоллаев Динмухамед, Шалбаев Андас, Қабдуалиев Даулет, Абдуллаева Шахноза, Мухаметсадыкова Нагима Новосібір қаласында «Геодезия» пәні бойынша өткен V Халықаралық студенттік олимпиадада 1- орынға ие болды.

Сібір мемлекеттік геожүйе және технологиялар университетінде өткен олимпиадаға Монголия, Қарағанды, Семей, Өскемен, Москва, Санк-Петербург, Новосібір, Томск қалаларынан «Қолданбалы геодезия» мамандығының студенттері қатысты

Олимпиадада 50 қатысушы әртүрлі номинация бойынша сынға түсті. Біздің университеттің командасы теориялық этап нәтижесі бойынша «Таныстыру» I орын Дипломымен марапатталды, ал практикалық этап бойынша III орын Дипломымен марапатталды.

Болашақ геодезистер жаңа геодезиялық құрылғымен жұмыс жасап, аэрофото түсіру төңірегіндегі әзірлемелер жасауды үйренді.