Педагогикалық START-2020

Пресс-служба     16 May,2020        

Түркия университетінің PHD докторанты онлайн форумда мұғалім және мұғалімдік қызмет мәртебесі туралы зерттеуін ұсынды.

Онлайн форматта өткен “Педагогикалық START-2020” жас ғалымдардың және педагогтардың IV форумы “Қазіргі заман педагогы: уақыт сынақтары және болашағы” тақырыбына арналды.

Қазіргі өзекті тақырыптың бірі білім беруді қашықтықтан ұйымдастыру мәселесіне назар аударылды. Бұл туралы Қазақстан жас педагог-ғалымдар қауымдастығының төрайымы Мөлдір Абдраймова “Білім берудегі цифрлық технологиялар: ізденіс және тәжірибе” атты баяндамасында қарастырды.

Сондай-ақ, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясынан Шолпан Шуиншина “Мұғалімнің кәсіби тұлғасы- сапалы білім берудің кепілі” тақырыбында ой бөлісті.

Сонымен қатар, Түркияның Гази университетінің PHD докторанты Аида Меркулова еліміздегі мұғалімдіе қызмет пен шет елдегі мұғалімдер мәртебесін салыстырған зерттеуінің нәтижесін ұсынды.

Ол, өз сөзінде биыл қабылданған “Педагог мәртебесі” заңы өте дұрыс екенін және еліміздің педагогтарға баса назар аударып жатқаны қуантатынын жеткізді.