Полиция майорынан дәріс алды

Пресс-служба     16 May,2020        

“Құқықтану” мамандығының студенттері полиция майорынан дәріс алды.

Әуезов полиция басқармасы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Асхат Абзулдинов “Жәбірленушіден, күдіктіден және куәдан тиісті хаттамаларды толтыра отырып жауап алу тактикасы” тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Тәжірибеден өткен уақытта жәбірленушінің, күдіктінің және куәгердің жауап алуына тап болған студенттер өзін қызықтырған сұраққа жауап алды.

Айта кетейік, Шәкәрім университеті мен Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын.