Президент аппаратының өкілі Семей жобалық кеңсесінде

Пресс-служба     14 Aug,2019        

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің инспекторы Алтаев Ертай Кенжебекұлы қаламызда іс-сапармен болып, Шәкәрім университеті қабырғасында ашылған Семей жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты. Ашылуына 1 жыл толғалы отырған Семей жобалық кеңсесіне күні бүгінге дейін 300 ден астам ұсыныс, 67 қоңырау, 19 жоба түскен.

Семей жобалық кеңсесінің Call-центр орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында қала және қала аймағындағы алыс-жақын елді-мекендермен әлеуметтік-мәдени, гуманитарлық қарым-қатынасын жандандырып, кері байланыс орнатуда.

Орталықпен байланыс: 8 800 080 28 78, 8 (7222) 32-99-56

Facebook: Семей жобалық кеңсесі

insta: @project_office_of_semey
e-mail: office_semey@mail.ru

Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Смит Ирина Федоровна, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемесі аймақтық «Рухани жаңғыру» кеңсесі басшысының орынбасары Шерьязданова Қарлығаш Маушанқызы, және Семей қаласы әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлы, Семей қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алда жүзеге асатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру әдісі-жобаларымен  танысты.