Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Пресс-служба     02 Sep,2019        

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін алғашқы рет Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Шәкәрім университетінің  қызметкерлері мен студенттері жиналып президент жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Ел Президентінің халыққа жыл сайынғы жолдауы республиканың кез келген тұрғыны үшін маңызды оқиға болып табылады. Ол дәстүрлі түрде Жолдауда ішкі саясаттың, мемлекеттік институттарды нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, экономиканы жаңғыртудың, халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін атап өтті.

«Жолдаудың азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы бізді қатты қуантты. Президенттің жолдауы Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады деп есептейміз және еліміздің үлкен жетістіктерге жететініне, уақыт өте келе алға жылжып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына енетініне сенеміз» дейді тыңдаушылар.