Президенттік ұғым- конституция баптарында

Пресс-служба     15 Apr,2019        

15 сәуір күні Шәкәрім университетінде Нұр Отан партиясы Семей қалалық филиалының ұйымдастырумен сайлауалды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ерекше басымдық жастар тарапына берілді. Партияның ұйымдастыру саяси бөлімінің меңгерушісі Айдос Төлеуханов кезектен тыс өтетін сайлауға байланысты өз пікірін білдірді. Сонымен қатар студенттердің сайлауға  белсене қатысып, дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндірді.

Жиын барысында Семей жобалық кеңсесінің менеджері Шырын Қауанова, әлемдік қолданыстағы президенттік ұғымның мағынасына анықтама беріп,  қоғамда қандай тұлғалар президенттік лауазымға ие бола алатыны жайлы, сондай-ақ президенттіктің негізгі шарттары туралы баяндады .  «Жоғары гуманитарлық заң және техникалық» колледжінің оқытушысы Ақмарал Қозбаева президенттік ұғымның конституция баптарында  халық пен мемлекет билік бірлігінің негізгі күші екендігін заңнамалық негізде қарастырып, арнайы баптарымен таныстырды.