«Президенттік Жастар кадрлық резерві» жобасы таныстырылды

Пресс-служба     12 Sep,2019        

11 қыркүйек күні Шәкәрім университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жанна Қабдолдақызы университеттің магистранттары мен докторанттары және жас мамандарымен кездесті. Жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру мақсатында «Президенттік Жастар кадрлық резерві»  жобасымен таныстырды.

Жоба – барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде  басшылық қызметке тұруға мүмкіндік береді. «Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады» дейді Жанна Қабдолдақызы.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  • ҚР азаматы болу
  • Жасы 35-тен аспауы қажет
  • Білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жыл болуы керек.