Риддер қаласының түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру экскурсиясы

Пресс-служба     23 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде Риддер қаласының түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру экскурсиясы ұйымдастырылды.

“Білікті маман”аймақтық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экскурсияға 200-ден астам түлек келді.

Мектеп оқушылары  SKACC халықаралық факультеті, Гуманитарлық факультет және радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы мен инженерлік-технологиялық факультетімен арнайы танысты.

Университет ұсынған қос дипломды бағдарлама, жоғары білікті профессор-оқытушылардың сабағы, шет елде білім алу мүмкіндігі түлектердің қызығушылығын тудырды.

Оқушылар экскурсия үшін алғыстарын білдіріп, Шәкәрім университетіне оқуға тапсыру туралы жоспарларымен де бөлісті.