Психологиялық тренинг өтті

Пресс-служба     20 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің CO-working орталығында «Коммуникативті өзара іс-қимылды құру”атты психологиялық тренинг өтті.

Тренинг спикерлері Гуманитарлық факультет доценттері Оксана Беленко, Гүлнар Тұрсынғожинова және Шолпан Абишева болды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары аясында өткен тренинг қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын, эмпатикалық шеберлікті, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға ықпал етті.

Тренингке университет мамандары қатысып, қызу пікірталас алаңын жүргізді. Қатысушылар өзара коммуникативті қарым-қатынас жасау арқылы тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.

«Еліміздің дамуының басты кепілі дені сау ұлт  екені белгілі. Мұндай психологиялық тренингтер адамдардың сергуіне, өзара қарым-қатынас жасауына, жаңаша орта қалыптастыруына үлкен септігін тигізеді» дейді ұйымдастырушылар.