Ректормен кездесу: докторанттардың өзекті мәселелері

Пресс-служба     25 Nov,2020        

25 қараша күні Университеттің Басқарма төрағасы – ректор  Мұхтар Байжұманов университет докторанттарымен онлайн кездесу өткізді. Кездесуге 40-тан аса жас ғалымдар сондай-ақ, оқу және тәрбие жөніндегі проректор А.Л.Қасенов пен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы А.Қ.Какимов қатысты.

Онлайн-конференцияның басты мақсаты  – докторанттар мен  университет басшылығының ашық диалогын жандандыру.

Кездесу барысында пандемия кезеңіндегі оқу жүйесінің сапалығы, зерттеу жұмыстары, ғылыми мақалалардың жариялануы, шетелдік тағылымдамалардан өту және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Ректор университеттегі жас ғалымдардың бәсекеге қабілетті білім алулары үшін алдағы уақытта оқу ордасында толық жағдай жасалатыны жөнінде сөз қозғады. Ашық диалог алаңында докторанттар оқу мен тағлымдамаға қатысты сұрақтар қойып, мәселелеріне қатысты жауаптарын алды.

Бұл кездесу болашақта да өз жалғасын таппақ!