ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА

Администратор     30 Apr,2019        

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы Қазақстандық білім беру күндері аясында 15.04.2019 – 04.04.2019 ж. аралығында Ресей Федерациясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды, оған 14 қазақстандық жоғары оқу орындары қатысты.

Аталған бағдарлама бойынша Шәкәрім университетінен барған Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының Кәсіби білім беру бөлімінің жетекшісі Е.Я. Шаяхметов пен SKACC Халықаралық факультетінің доценті Е.Е. Байльдинов Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор, Орск, Челябинск және Омбы қалаларында жұмыс атқарып қайтты.

Барлық қалаларда болашақ үміткерлермен жұмыс жүргізіліп, жергілікті диаспора өкідерімен және ресейлік жоғары оқу орындары өкілдерімен байланыс орнатылды, осылайша келешек ынтымақтастықтың негізі қаланды. Ресейлік мектеп бітірушілерді Шәкәрім университетіндегі қазақстандық білім берудің қолжетімділігі және Оңтүстік Кореямен бірлескен екі дипломдық бағдарлама қызықтырды.