2020 жылдың 11 желтоқсанында университет базасында Қазақстан Республикасының ЖОО арасында “Жылуэнергетика” мамандығы бойынша Республикалық пәндік онлайн олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға жиыны 7 команда қатысты: Алматылық энергетика және байланыс университеті, Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Инновациялық Еуразиялық университеті, Қарағандылық индустриалдық университеті, академик Е.А. Букетов атындағы Қарағандылық университеті, М.Дулатов атындағы Қостанайлық инженерлік-экономикалық университеті, Торайғыров университеті, ал жалпы қатысушылардың саны 19-ді құрады. Олимпиаданы өткізу ережесіне сәйкес ұйымдастырушы ЖОО конкурстық бағдарламаға қатыспайды.
Олимпиада қорытындысы бойынша командалық біріншілікте орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Алматылық энергетика және байланыс университеті;
2 орын – Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті;
3 орын – Торайғыров университеті.
Жекелей біріншілікте келесі нәтижелер көрсетілді:
1 орын – Калашников Руслан Андреевич (Алматылық энергетика және байланыс университеті);
2 орын – Төлеуов Аслан Ғадылұлы (Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті);
2 орын – Сугурбаев Нурсултан Динакынович (Алматылық энергетика және байланыс университеті);
3 место – Нурланқызы Әсел (Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті);
3 место – Жұмағалиев Абат Мұратұлы (Алматылық энергетика және байланыс университеті);
3 место – Исатай Айман Қаиржанқызы (Торайғыров университеті).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
2021 жылы пәндік олимпиада Алматылық энергетика және байланыс университетінде өткізіледі.